Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды

Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық жеңіл салмақтағы файтер Асу Алмабаев 21 қарашада Қатарда өтетін UFC Fight Night турнирінде жапониялық Кёдзи Хоригучимен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық файтердің бас бапкері Эдуард Базров жекпе-жекті растап, Алмабаевтың Солтүстік Осетиядағы оқу-жаттығу жиынында дайындалып жатқанын айтты.

Бұл кездесу дивизионның үздік ондығы үшін маңызды болмақ. Алмабаев рейтингте жетінші орында болса, Хоригучи бесінші сатыда тұр.

Алмабаев жекпе-жекке қатарынан үш жеңісті сериясымен келеді. Оның кәсіби рекорды — 24 жеңіс және 3 жеңіліс.

Ал 36 жастағы Кёдзи Хоригучи мансабында 36 рет жеңіске жетіп, 6 рет жеңілген. Жапониялық файтер бұған дейін лиганың чемпиондық белбеуі үшін екі рет жекпе-жек өткізген

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или