Али Абдель-Азиз: «Топурия енді Гейджиді жеңе алмайды»

Али Абдель-Азиз: «Топурия енді Гейджиді жеңе алмайды»

UFC чемпионы Джастин Гейджидің менеджері Али Абдель-Азиз спортшысының Илия Топуриямен реванш өткізуі мүмкін екеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске салайық, файтерлер алғаш рет UFC-дің жаздағы турнирі аясында кездесіп, америкалық спортшы жеңіске жеткен болатын. Гейджи Топурияны техникалық нокаутпен жеңіп, жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді иеленді.

«Жоқ, Топурия Джастиннің келесі қарсыласы болмайды. Мұндай шешімді Илия қабылдамайды. Бір кездері мұндай құқық Конор Макгрегорда ғана болған. Илия — Конор емес. Топурия фаворит болды және Джастинді өзінен әлсіз деп санады. Ал мен Джастин Топурияны 10 жекпе-жектің 9-ында жеңеді деп есептеймін. Джастин оның әлсіз тұстарын біледі. Енді Топурияның Джастинді жеңуі мүмкін емес.

Джастинге Топуриямен қайта жекпе-жек өткізудің мәні жоқ. UFC үшін де бұл кездесу қызықты болмауы тиіс. Егер Топурия екінші рет қатарынан жеңілсе, оның нарықтағы бағасы айтарлықтай төмендейді.

Топурия Джастиннің қолғаптарына бірдеңе салынғанын айтты ма? Бұл Гейджидің соққысының қаншалықты ауыр екенін мойындау. Яғни, бұл қорлау емес, мақтау. Оның үстіне Джастиннің қолғаптарын Лас-Вегас, Вашингтон және Калифорниядағы үш атлетикалық комиссия бақылаған.

Сондықтан Топурия қолғап мәселесін Царукян мен Руффи арасындағы жекпе-жектен жұрттың назарын бұру үшін пайдаланды. Ол өз мақсатына жетті», — деді Абдель-Азиз Submission Radio басылымына берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или