Петр Ян Двалишвилимен жекпе-жектен кейінгі жоспарын айтты

Петр Ян Двалишвилимен жекпе-жектен кейінгі жоспарын айтты

Ресейлік чемпион Петр Ян Мераб Двалишвилимен алдағы жекпе-жектен кейін UFC-дегі мансабын аяқтауды жоспарлап отырған жоқ. Алайда 33 жастағы спортшы кәсіби мансабын нақты қашан аяқтайтыны туралы әзірге ойланбағанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Петр Янның болашағы туралы әңгімеге Двалишвилимен үшінші кездесуде жеңіске жеткен жағдайда мансабын аяқтай ала ма деген сұрақ себеп болды. Ресейлік спортшыдан дивизиондағы басты қарсыласын тағы бір рет жеңу 61 келі салмақтағы басымдығын дәлелдеуге жеткілікті бола ма деп сұрады.

«Жоқ, шынымды айтсам, бұл туралы ойлаған жоқпын. Менде… жеңіліссіз кетсем деген мақсат жоқ. Жоспарымда әлі де өнер көрсету бар. Сондықтан әзірге бұл туралы ойланған жоқпын. Көре жатармыз», – деді Ян.

Двалишвили мен Ян арасындағы трилогия әлі алда. Жекпе-жек 24 қазанда Абу-Дабиде өтетін UFC 333 турнирі аясында жоспарланған.

Бұған дейінгі екі кездесуде қарсыластар бір-бірінен жеңіс алған. Алғашқы жекпе-жекте Ян төрешілердің бірауызды шешімімен жеңілсе, екінші кездесуде дәл сондай шешіммен реванш алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или