Дана Уайт Эдди Хирнмен кездесуге қатысты пікір білдірді

Дана Уайт Эдди Хирнмен кездесуге қатысты пікір білдірді

UFC президенті Дана Уайт британдық промоутер Эдди Хирннің өзімен жеке кездесуге қатысты ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Уайт олардың бұған дейін не себепті кездеспегенін түсіндірді. Оның айтуынша, ол Dana White’s Contender Series турнирін өткізіп жібере алмаған, себебі он жыл бойы бұл жобаның бірде-бір шығарылымын қалдырмаған.

«Біздің кездесуіміз болған жоқ. Себебі сейсенбі күні Дана Уайттың Dana White’s Contender Series турниріне келмеуі біртүрлі болар еді. Мен 10 жыл бойы бірде-бір турнирін жіберген жоқпын», – деді UFC басшысы.

Сол күні Уайттың Ютада баспасөз конференциясы да жоспарланған болатын. Оның айтуынша, шараның уақыты Турки Әл аш-Шейхтің қатысу мүмкіндігін ескере отырып белгіленген.

Соған қарамастан, Уайт Хирннің онымен жеке кездескісі келетініне түсінбей отыр.

«Енді ол менімен кездесуге дайын екен. Не туралы? Бізге не үшін кездесу керек?» – деді Уайт.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или