Ислам Махачевтің келесі қарсыласы белгілі болды

Ислам Махачевтің келесі қарсыласы белгілі болды

UFC ұйымы чемпиондық белбеу иегері Ислам Махачевтің келесі жекпе-жегін ұйымдастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.k.

Инсайдер Альваро Кольменероның мәліметінше, ресейлік файтердің келесі қарсыласы бразилиялық Карлос Пратес болуы мүмкін. Журналистің айтуынша, Пратес толыққанды жаттығу процесіне кірісуге дайын. Егер келіссөздер сәтті аяқталса, олардың жекпе-жегі 30 қаңтарда Канаданың Торонто қаласында өтетін UFC 336 турнирінің басты айқасы болуы немесе турнир бағдарламасына енуі ықтимал.

Ислам Махачевтің аралас жекпе-жектегі көрсеткіші — 29 жеңіс, бір жеңіліс. Ол соңғы кездесуін Филадельфияда өткізіп, төрешілер шешімімен Иэн Гэрриді жеңген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или