Илия Топурия: «Бар нәрсеге шүкіршілік ету ең маңызды сол»

Илия Топурия: «Бар нәрсеге шүкіршілік ету ең маңызды сол»

UFC чемпионы Илия Топурия адам өз арманына жету үшін қазіргі өміріне қуана білуі керек екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Грузиялық файтердің айтуынша, ол әрдайым армандаған өмірін елестетіп, соған жетудің жолын іздейді. Оның пікірінше, өмірдің әр сәтінен ләззат алып, бар нәрсеге шүкіршілік ету ең маңызды дүние. 

Топурия егер адам қазіргі өміріне риза болмаса, тіпті арманы орындалған күннің өзінде бақытты бола алмайтынын жеткізді.

Айта кетелік, 29 жастағы спортшы UFC-де жеңіліп көрмеген. 14 маусымда ол америкалық Джастин Гэтжиге қарсы чемпиондық белбеуін қорғайды.

Стриклэнд Андерсон Силваны оңай жеңетінін айтты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или