Анкалаев UFC турнирінде Раунтримен жұдырықтасады
Ресейлік файтер Магомед Анкалаев UFC-дің Абу-Дабиде өтетін турнирінде америкалық Халил Раунтриге қарсы жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Олардың айқасы 25 шілде күні өтетін UFC кешінің басты оқиғасы болады.
33 жастағы Магомед Анкалаев кәсіби ММА-дағы мансабын 2014 жылы бастаған. Ал 2018 жылдан бері UFC-де өнер көрсетіп келеді.
Соңғы жекпе-жегін ол 2025 жылдың 5 қазанында UFC 320 турнирінде Алекс Перейраға қарсы өткізді. Бұл файтерлер арасындағы реванш болған.
Кездесуде бразилиялық спортшы бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.
36 жастағы Халил Раунтридің кәсіби рекорды — 15 жеңіс, 7 жеңіліс және бір нәтижесіз жекпе-жек.
Оның 10 жеңісі мерзімінен бұрын аяқталған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или