Стриклэнд Андерсон Силваны оңай жеңетінін айтты

Стриклэнд Андерсон Силваны оңай жеңетінін айтты


UFC ұйымының орта салмақтағы чемпионы Шон Стриклэнд Андерсон Силвамен гипотетикалық жекпе-жек туралы пікір айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Америкалық файтердің сөзінше, ол тіпті ең мықты кезіндегі бразилиялық спортшыны да еш қиындықсыз жеңер еді.

Стриклэнд қазіргі ММА деңгейі бұрынғыдан әлдеқайда жоғары екенін атап өтті. Оның айтуынша, әр буын сайын спортшылар күшейіп, спорт дамып келеді.

Сондықтан UFC чемпионы бүгінгі деңгейімен Андерсон Силваны айқын басымдықпен ұтатынына сенімді екенін жеткізді.

Айта кетейік, Шон Стриклэнд UFC 328 турнирінде Хамзат Чимаевты төрешілердің шешімімен жеңіп, орта салмақтағы чемпион атанған болатын.

Ал Андерсон Силва UFC тарихындағы ең мықты орта салмақтағы файтерлердің бірі саналады. Бразилиялық спортшы ұзақ уақыт дивизион чемпионы болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или