Рыбакина алғашқы айналымда словениялық Вероника Эрьявецпен ойнайды

Рыбакина алғашқы айналымда словениялық Вероника Эрьявецпен ойнайды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымында кіммен кездесетіні анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің екінші ракеткасы Рыбакина алғашқы айналымда словениялық Вероника Эрьявецпен ойнайды. Егер қазақстандық спортшы жеңіске жетсе, келесі кезеңде украиналық Юлия Стародубцевамен кездеседі.

Стародубцева бірінші айналымда ресейлік Анна Блинкованы сенімді түрде 6:3, 6:1 есебімен жеңді. Қазіргі таңда ол WTA рейтингінде 54-орында тұр.

Айта кетелік, Рыбакина мен Эрьявец арасындағы матч 25 мамыр күні өтеді. Биылғы «Ролан Гаррос» турнирінің жүлде қоры 61 миллион еуродан асады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или