Женева турнирі: Бублик жартылай финалға шықты

Женева турнирі: Бублик жартылай финалға шықты

Қазақстанның ең үздік ойыншысы Александр Бублик (әлемде 10-шы орында) Швейцарияның Женева қаласында өтіп жатқан ATP-250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда қазақстандық француз Артур Риндеркнехті (әлемде 24-ші орында) 5-7, 6-4, 6-2 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат 56 минутқа созылды.

Женева турнирінің жартылай финалында Бублик америкалық Лернер Тьенмен кездеседі.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 612 620 еуроны құрайды. Жеңімпаз 93 175 еуро және 250 ATP рейтингтік ұпайын, ал финалист 54 360 еуро және 165 ұпай алады.


Рыбакина Берлиндегі беделді турнирге қатысады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или