Қазақстандық теннисші ширек финалда өнер көрсетпейді

Қазақстандық теннисші ширек финалда өнер көрсетпейді

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Парижде өтіп жатқан турнирдің ширек финалында ойнай алмайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мәліметке сәйкес, қазақстандық спортшы белінің төменгі бөлігіндегі жарақатына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартқан. Осылайша франциялық теннисші Диан Парри жартылай финалға автоматты түрде жолдама алды.

Бұған дейін Юлия Путинцева турнирдің 1/8 финалында сәтті өнер көрсеткен еді. Әлемдік рейтингте 77-орында тұрған қазақстандық теннисші украиналық Вероника Подрезді екі сетте 6:4, 6:0 есебімен жеңген болатын.

Айта кетелік, осылайша Юлия Путинцеваның Париждегі сайысы денсаулығына байланысты мерзімінен бұрын аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или