Қазақстандық теннисші Римдегі турнирдің 1/8 финалына шықты

Қазақстандық теннисші Римдегі турнирдің 1/8 финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Италияның Рим қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үшінші айналымдағы кездесуінде Рыбакина филиппиндік теннисші Александра Эаланы қатарынан 6-4, 6-3 есебімен жеңді.

Бұған дейін қазақстандық турнирді сәтті бастап, грек теннисшісі Мария Саккариді 6-4, 6-1 есебімен жеңген болатын.

Турнирдің жүлде қоры 7 228 080 еуро. Жеңімпаз 1 055 285 еуро жүлде қоры мен 1000 рейтингтік ұпай алады.

Рим турнирі: Бубликтің ықтимал қарсыластары анықталды


Қазақстандық теннисшілердің WTA рейтингіндегі орындары белгілі болды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или