Александр Бублик әлемдік рейтингте алғашқы ондықтан алыстады

Александр Бублик әлемдік рейтингте алғашқы ондықтан алыстады

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Мадрид Мастерс турнирінен кейін ATP рейтингінде 11-ші орынды сақтап қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бубликтің еншісінде 3445 ұпай бар, ол оныншы орында тұрған ресейлік Медведевтен 115 ұпайға артта қалып отыр. Алдыңғы рейтингте айырмашылық 105 ұпай болған.

Италиялық Янник Синнер 13 350 ұпаймен ATP әлемдік рейтингінде көш бастап тұр.

Тағы бір қазақстандық теннисші Александр Шевченко жеті орынға төмендеп, 82-ші орынға (704 ұпай) жайғасты.


WTA рейтингі: Қазақстандық теннисші үш саты жоғарылады

14 жастағы қазақстандық теннисші Қытайдағы жарыста топ жарды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или