WTA рейтингі: Қазақстандық теннисші үш саты жоғарылады

WTA рейтингі: Қазақстандық теннисші үш саты жоғарылады

Әйелдер теннис қауымдастығы Мадридте өткен WTA 1000 турнирі аяқталғаннан кейін рейтингті жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Елена Рыбакина екінші орынды сақтап қалды (8555 ұпай), беларусьтік Арина Соболенко (10110 ұпай) сенімді көш бастап тұр. Польшалық Ига Швентек үшінші орынға көтерілді (6948 ұпай). АҚШ теннисшісі Коко Гауфф төртінші орынға түсті (6749 ұпай).

Мадридтегі турнирдің 1/8 финалында Рыбакинаны жеңген австриялық Анастасия Потапова 18 орынға жоғарылап, 38-ші орынға (1355 ұпай) жетті.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева үш сатыға көтеріліп, 77-ші орынға (918 ұпай) жайғасты.


14 жастағы қазақстандық теннисші Қытайдағы жарыста топ жарды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или