Сандуғаш Кенжебаева Қытайдағы турнирдің жартылай финалында бақ сынайды
Қазақстандық Сандуғаш Кенжебаева мен ресейлік Мария Калякина Қытайдың Луань қаласында өтіп жатқан ITF W15 жұптық сайысының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Propsports.kz.
Турнирдің екінші айналымында қазақстандық-ресейлік дуэт қытайлық Цзяи Ван мен Йихан Ванмен кездесті.
Матч 6:2, 2:6, 12:10 есебімен Кенжебаева мен Калякинаның пайдасына аяқталды.
Жартылай финалда Кежебекова мен Калякина қытайлық Лингью Ге мен Сяо Танмен кездеседі.
Бұған дейін Кенжебаева турнирдің жекелей турнирінің бірінші айналымында қытайлық Лесюэ Сяодан жеңілген болатын – 3:6, 6:4, 3:6.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или