Мэтт Земек: «Рыбакина қалпына келу уақытының аздығынан жеңілді…»

Мэтт Земек: «Рыбакина қалпына келу уақытының аздығынан жеңілді…»

Америкалық теннис шолушысы Мэтт Земек Елена Рыбакинаның Мадрид турниріндегі жеңілісін демалыссыз жарыс кестесімен және қалпына келу уақытының аздығымен түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мадридте өткен матчта Рыбакина екі сетте Анастасия Потаповадан жеңіліп қалды. (6:7, 4:6.) Земектің пікірінше, қазақстандық спортшыға жарыс күнтізбесінің тым ауыр болуы әсер еткен. Ол әлеуметтік желідегі жазбасында Рыбакина бірнеше күн қатарынан матч өткізуге мәжбүр болғанын атап өтті.

Айта кетелік, Мадрид турниріне дейін Рыбакина Штутгарт қаласындағы жарыста чемпион атанып, бірден келесі жарысқа қатысқан. Сарапшылар мұндай тығыз кесте спортшының физикалық және психологиялық қалпына келуіне кері әсер етуі мүмкін екенін айтады.

«Қан ақты, саусақтарым ауырып қалды» – Потапова Рыбакинамен өткен матч туралы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или