Ресейлік теннисші: Рыбакинамен ойнаған соң саусақтарым сынып кете жаздады

Ресейлік теннисші: Рыбакинамен ойнаған соң саусақтарым сынып кете жаздады

Анастасия Потапова Мадрид турнирінің үшінші айналымында Елена Рыбакинаны жеңгеннен кейін ойынның өте ауыр өткенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 7:6 (10:8), 6:4 есебімен Потапованың пайдасына аяқталды.

«Саусақтарымнан ауырып, тіпті қан шықты, тізем де жараланды. Мұндай сәтте ойлануға уақыт болмайды, тек рефлекспен ойнап кетесің, өйткені миың «өшіп қалғандай» болады» деді теннисші.

Ол қиын жағдайға қарамастан, бар назарын ойынға салып, соңына дейін күрескенін атап өтті.

Енді Потапова ширек финалда Каролина Плишковамен кездеседі.

Айта кетелік, аталмыш жеңіс оның әлемнің топ-5 теннисшілеріне қарсы мансабындағы төртінші жеңісі. 

«Қан ақты, саусақтарым ауырып қалды» – Потапова Рыбакинамен өткен матч туралы




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или