Мадридте сенсация болмай ма? Рыбакинаға болжам жасалды
Sportskeeda басылымы Мадрид (Испания) турнирінің 1/8 финалында өтетін Елена Рыбакина мен Анастасия Потапова арасындағы кездесуге болжам жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Басылымның пікірінше, Рыбакина турнир барысында жоғары деңгей көрсетіп, қандай жағдайда болсын тұрақты ойын көрсетіп жүр. Ал Потапова агрессивті стильде ойнап, ұзақ раллилер арқылы қарсыласқа қиындық тудыруы мүмкін.
Дегенмен сарапшылардың айтуынша, шешуші сәттерде Рыбакина сенімділік танытады. Екі сетте жеңіске жетуі мүмкін.
Айта кетелік, бұған дейін қазақстандық теннисші Мадрид турнирінде екі рет жеңіске жеткен. Елена Рыбакина румын ойыншысы Елена-Габриэла Русе және қытайлық Чжэн Циньвэньді жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или