Мадрид турнирі: Қазақстандық теннисшілер ширек финалда бақ сынайды

Мадрид турнирі: Қазақстандық теннисшілер ширек финалда бақ сынайды

Қазақстандық теннисшілер Асылжан Арыстанбекова (WTA рейтингінде 1093-ші орында) мен Іңкәр Дүйсебай Испанияның Мадрид қаласындағы ITF W15 жарысының жұптық сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші кезеңде қазақстандық дуэт италиялық Эмма Фиоре мен француздық Элоиз Гурнемен кездесті. Арыстанбекова мен Дүйсебай қатарынан 6-2, 6-2 есебімен жеңді. Осылайша, қазақстандық теннисшілер турнирдің ширек финалына шықты.

Жарыстың жүлде қоры 15 000 АҚШ долларын құрайды. Турнир 3 мамырға дейін жалғасады.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или