Ташкенттегі OCTAGON 86: Таштенов соңғы секундтарда техникалық нокаутпен жеңіске жетті

Ташкенттегі OCTAGON 86: Таштенов соңғы секундтарда техникалық нокаутпен жеңіске жетті

Ташкент қаласында өткен OCTAGON 86 аралас жекпе-жек кешінде жартылай орта салмақтағы айқас күтпеген нәтижемен аяқталды. Көрермен тартысты жекпе-жекке куә болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жекте қырғызстандық Озадбек Олимов (2-0) өзбек файтері Жанбек Таштеновпен (2-1) кездескен. Шешуші сәт бірінші раундтың соңғы секундтарында болып, Таштенов қарсыласын жерге құлатып, техникалық нокаутпен жеңісті өз еншісіне жазды.

Турнирдің басты жекпе-жегінде Камариддин Хасановпен Огабек Абдумуминов жұдырықтасады деп жоспарланған. 

Айта кетелік, ал қосымша басты айқаста қазақстандық Тазабек Баянов өзбек файтері Бобур Абдулазизовпен кездеседі.

UFC файтері Чимаевтің Стриклендтен басым түсетінін болжады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или