Шавкат Рахмонов осы жылы октогонға шығу мүмкін
UFC-де бақ сынап жүрген Шавкат Рахмонов сегізбұрышқа оралу мерзімін белгіледі, деп хабарлайды Prosports.kz.
MMA Junkie мәліметі бойынша, Рахмонов 2026 жылдың соңына дейін октогонға ораламын деп бекініп отыр. Бұл туралы оның командасы шетелдік порталға хабарлады.
Осы жылдың қаңтарында Шавкат тізесіне ота жасатқан еді.
Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, ирландиялық Ян Гарриді төрешілер шешімімен жеңді.
Ұзақ уақыт бойы үзіліс жасағандықтан, қазақстандық спортшы UFC рейтингінен алынып тасталды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или