Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстанның әйел жауынгерлері кездеседі
Ташкентте өтетін OCTAGON 86 турнирінде Қазақстан мен Өзбекстанның әйел жауынгерлері кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық Ангелина Иванова (1-0) 1 мамырда жергілікті спортшы Тахмина Хакимовамен кездеседі, ол өзінің кәсіби дебютін өткізеді.
Турнирдің басты жекпе-жегінде Қазақстанның жеңіл салмақтағы чемпионы Саят Абдуали (9-0) белбеуін қорғайды. Оның қарсыласы – жеңіліс көрмеген өзбекстандық Асадбек Саидов (7-0).
Ко-мейн ивентте Камариддин Хасанов пен Одилхон Камолов үшінші рет кездеседі. Тәжікстандық файтер (8-4) Камиль Карате лақап атымен танымал, ал өзбекстандық спортшының рекорды – 10-5.
OCTAGON турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 86 турнирінің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі