Баянов Ташкентте тәжірибелі қарсыласқа қарсы шығады
Кәсіпқой мансабында жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Тазабек Баянов келесі қарсыласын білді, деп хабарлайды Prosports.kz.
1 мамыр күні Ташкентте өтетін OCTAGON 86 турнирінде ол өзбекстандық тәжірибелі файтер Бобур Абдулазизовпен кездеседі. Баяновтың рекорды – 5-0, ал қарсыласының көрсеткіші – 23-11.
Турнирдің басты жекпе-жегінде Қазақстанның жеңіл салмақтағы чемпионы Саят Абдуали (9-0) белбеуін қорғайды. Оның қарсыласы – жеңіліс көрмеген өзбекстандық Асадбек Саидов (7-0).
Ко-мейн ивентте Камариддин Хасанов пен Одилхон Камолов үшінші рет кездеседі. Тәжікстандық файтер (8-4) Камиль Карате лақап атымен танымал, ал өзбекстандық спортшының рекорды – 10-5.
OCTAGON турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 85 турнирінде тағы бір нокаут тіркелді
OCTAGON 85: қазақстандық файтер өзбек қарсыласын сұлатып түсірді