Андре Петроски: « Мен өзімді Чимаевтың жанкүйерімін деп айта аламын…»
Америкалық UFC файтері Андре Петроски алдағы титулдық жекпе-жекте Хамзат Чимаевтың жеңіске жетерін болжады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның айтуынша, Чимаевтің күрес пен партердегі стилі қарсыластарына үлкен қиындық тудырады. Ол 10 мамырда орта салмақтағы чемпиондық белбеуді қорғау үшін Шон Стриклендке қарсы октагонға шығады.
Петроскидің пікірінше, Стриклендтің қорғаныс стилі Чимаевтің аяққа жасайтын шабуылдарына қарсы тұра алмауы мүмкін.
Айта кетелік, UFC жанкүйерлері бұл жекпе-жекті жылдың басты айқастарының бірі ретінде күтіп отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или