Бұрынғы UFC чемпионы Арман Царукянды белдесуге шақырды

Бұрынғы UFC чемпионы Арман Царукянды белдесуге шақырды

Бұрынғы UFC чемпионы Генри Сехудо Арман Царукянмен боз кілемде белдескісі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еркін күрестен Олимпиада чемпионы Генри Сехудо Real American Freestyle (RAF) лигасында Арман Царукянның жеңісті сериясын тоқтатуға дайын екенін айтты.

Америкалық спортшы ресейлік балуанмен күрескісі келетінін әлеуметтік желіде жазды.

«Арман, сен 10 долларлық челлендждер арқылы табыс табатын жігітпен күрестің, енді Колби Ковингтонмен кездескің келеді. Мен сені оңай жеңер едім», – деп жазды Сехудо.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или