Лас-Вегастағы кештің үздіктері анықталды

Лас-Вегастағы кештің үздіктері анықталды

Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 274 турнирінің қорытындысы бойынша бонустар иегерлері анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Кештің үздік өнері» номинациясында Райан Спэнн мен Джексон Маквэй жеңіске жетіп, әрқайсысы 100 мың доллардан алды. Ал «Кештің үздік жекпе-жегі» атағы Адриан Луна Мартинетти мен Дэйви Грант арасындағы айқасқа берілді, олар да 100 мың доллардан иеленді.

Сонымен қатар жаңа ережеге сәйкес, мерзімінен бұрын жеңіске жеткен файтерлерге қосымша 25 мың доллар берілуі мүмкін еді. Алайда бұл турнирде тек екі жекпе-жек ерте аяқталды.

Олар — Спэнн мен Маквэй өткізген айқастар. Бірақ бұл файтерлер негізгі бонус алғандықтан, қосымша сыйақы қарастырылмады. Қалған жекпе-жектердің барлығы төрешілер шешімімен аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или