OCTAGON 86: алғашқы жекпе-жекте күтпеген оқиға орнады
Ташкентте өткен OCTAGON 86 турнирінің алғашқы жекпе-жегінде қырғыз файтері Бекбол Исаков күтпеген жеңіске жетіп, сенсация жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекпе-жекте ол өзбекстандық Диёрбек Рустамалиевке қарсы өнер көрсетті. Бірінші раундта жергілікті спортшы басым болғанымен, екінші раундта Исаков ауыр хай-кикпен қарсыласын құлатып, кейін тұншықтыру әдісімен жеңісті жұлып алды.
Айта кетелік, турнирдің басты жекпе-жегінде Камиль Карате мен Огабек Сатурн кездессе, қосалқы басты айқаста қазақстандық Тазабек Баянов өзбек файтері Бобур Абдулазизовпен күш сынасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или