Шон Стрикленд: «мен олармен күрескенде не істеу кергін жақсы білемін»
UFC-дің бұрынғы чемпионы Шон Стрикленд алдағы айқасқа дайындық барысын айтып, Хамзат Чимаевпен қарсы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қос спортшы 10 мамырда Нью-Джерсиде өтетін UFC 328 турнирінде кездеседі.
Сондай-ақ ол қарсыласының күрес әдістерін білетінін және октагонда не күтетінін түсінетінін атап өтті.
«Мен Дрикус Дю Плесси Чимаевқа қарсы жақсы мүмкіндікке ие деп ойлағанмын. Мен бұлармен ұзақ уақыт жаттығамын. Олар аяғыңнан ұстап алып, сені қысып тастайтын кезде не істеу керегін білемін. Бұл ыңғайсыз болуы мүмкін, бірақ мен олардан не күту керегін түсінемін» деді Стрикленд.
Айта кетелік, ол Чимаевтың күрес стилін жақсы зерттеп, оған қарсы ұзақ уақыт бойы арнайы дайындық жүргізген.
Масвидаль: Царукянның титулға жету жолы ұзаққа созылып барады