Канело өз дивизионында қалады
Мексикалық бокс жұлдызы Сауль Альварес салмақ дәрежесін өзгертпей, суперорта салмақта мансабын жалғастырады және алдағы ірі жекпе-жектерге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Боксшының бапкері әрі менеджері Эдди Рейносо мәлімдегендей, бұл дивизионда Канелоға сай мықты қарсыластар жеткілікті. Альварес 12 қыркүйекте рингке оралуды жоспарлап отыр. Оның соңғы айқасы жарақат пен Теренс Кроуфорд-тен жеңілістен кейін болған үзіліспен байланысты еді.
Ықтимал қарсыластардың бірі ретінде WBC чемпионы Кристиан Мбилли аталып отыр. Сонымен қатар, команда Кроуфордпен реванш мүмкіндігін де жоққа шығармайды.
Айта кетелік, ал Дэвид Бенавидеспен жекпе-жек нұсқасы қазір қарастырылмайтыны айтылды.
Масвидаль: Царукянның титулға жету жолы ұзаққа созылып барады