Еркебұлан Тоқтар қырғыз спортшысына қаржы жекпе-жек өткізбейді

Еркебұлан Тоқтар қырғыз спортшысына қаржы жекпе-жек өткізбейді

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар интернетте тараған, оның Қырғызстан өкілі Марсель Нурланбекұлымен реванштан қашып жүр деген қауесетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports сайты Sports24.kz-ке сілтеме жасап.

Спортшы бұл айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарып, ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

Тоқтардың айтуынша, оған реваншқа қатысты ресми ұсыныстар түспеген, ал оның «қашып жүр» деген әңгімелер – бос сөз. Ол мұндай алып-қашпа сөздердің еш негізі жоқ екенін айтып, жанкүйерлерді тек өзінің ресми мәлімдемелеріне сенуге шақырды.

«Қазір менің Марсельмен реванштан қашып жүрмін деген жалған ақпарат таратып жатқандар бар. Бұл шындыққа жанаспайды, бұған сенбеңіздер. Маған ешқандай ресми реванш ұсынысы болған емес. Қазір ол жеңістен кейінгі эмоциямен жүр. Біршама уақыт өтеді – бірнеше ай немесе одан да көп, сол кезде бұл әсер басылады. Сол уақытта оған өзі үлкен жекпе-жек керек болады да, бұл тақырыпқа қайта оралады.

Менің қашып жүрмін деген әңгімелер – таза өтірік. Осындай хабарламаларды көрсеңіздер, менің аузымнан шықпайынша, бәрін жалған деп қабылдаңыздар. Менің реванштан қашып жүрмін деу ақылға сыймайды. Керісінше, бұл жекпе-жек маған керек. Тіпті, керісінше болуы мүмкін – дәл өзі жалғыз жеңісімен шектеліп, жалғастырудан қашып жүрген шығар», – деп жазды Тоқтар әлеуметтік желілерде.


UFC 327: Майамидегі турнирдің барлық нәтижесі

Топурия Махачевпен жекпе-жекке қызығушылық танытты

Хабибтің ағасы Царукянға тіл қатты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или