Нурмагомедов Царукянға: бауырым, біз бұл жерде ұзақ тұрақтаймыз!
PFL чемпионы Усман Нурмагомедов UFC жұлдызы Арман Царукян айтқан пікірге жауап берді, деп һабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін Царукян Ислам Махачев мансабын аяқтағаннан кейін UFC-дің басты жұлдызына айналуды жоспарлап отырғанын айтқан еді. Оның сөзінше, Махачев алдағы бір-екі жекпе-жектен соң спортпен қоштасуы мүмкін.
Бұл мәлімдемеге Усман қысқа да нұсқа жауап қайтарды.
«Ол, мүмкін, мансабын аяқтар, бірақ бауырым, біз бұл жерде ұзақ тұрақтаймыз» деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Соңғы жекпе-жегінде Усман Нурмагомедов британиялық Альфи Дэвисті мерзімінен бұрын жеңген болатын.
Айта кетелік, енді оның келесі қарсыласы Арчи Колган болуы мүмкін. Аталмыш жекпе-жек 2026 жылдың жазына жоспарланып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или