UFC 327: Ульберг чемпион атанды

UFC 327: Ульберг чемпион атанды

11 сәуірден 12 сәуірге қараған түні UFC 327 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жектер АҚШ-тың Майами қаласындағы «Касейя-центр» аренасында ұйымдастырылды. Кештің басты айқасында Иржи Прохазка мен Карлос Ульберг жартылай ауыр салмақтағы вакантты титулды сарапқа салды.

Жекпе-жек бірінші раундта аяқталып, Ульберг қарсыласын нокаутпен жеңіп, чемпион атанды.

UFC 327 турнирінің нәтижелері:

Негізгі кард: Карлос Ульберг — Иржи Прохазка — Ульберг жеңді (нокаут, 1-раунд); Пауло Коста — Азамат Мұрзақанов — Коста жеңді (нокаут, 3-раунд); Джош Хокит — Кертис Блэйдс — Хокит жеңді (төрешілердің бірауызды шешімі); Доминик Рейес — Джонни Уокер — Рейес жеңді (төрешілердің екіге бөлінген шешімі); Каб Суонсон — Нэйт Ландвер — Суонсон жеңді (нокаут, 1-раунд).

Алдын ала кард: Аарон Пико — Патрисио Фрейре — Пико жеңді (төрешілердің бірауызды шешімі); Кевин Холланд — Рэнди Браун — Холланд жеңді (төрешілердің бірауызды шешімі); Матеуш Гамрот — Эстебан Рибович — Гамрот жеңді (сабмишен, 2-раунд); Татьяна Суарес — Лупита Годинес — Суарес жеңді (сабмишен, 2-раунд); Крис Падилья — Маркель Медерос — тең нәтиже (төрешілердің көпшілік шешімі); Висенте Луке — Келвин Гастелум — Луке жеңді (сабмишен, 1-раунд); Чарли Радтке — Франсиско Прадо — Радтке жеңді (төрешілердің бірауызды шешімі).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или