Мен үшін ұзақ уақыт өз дивизионында үстемдік еткен спортшымен күш сынасу қызық

Мен үшін ұзақ уақыт өз дивизионында үстемдік еткен спортшымен күш сынасу қызық

UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Илия Топурия жартылай орта салмақтағы жеңімпаз Ислам Махачев туралы пікір білдіріп, онымен жекпе-жек өткізуге қарсы еместігін жеткізді, деп һабарлайды Prosports.kz.

Топурияның сөзінше, Махачевпен кездесу өзін сынап көруге зор мүмкіндікболар еді.

«Мен үшін ұзақ уақыт өз дивизионында үстемдік еткен спортшымен күш сынасу қызық. Ол бұрын мен өнер көрсеткен салмақта чемпион болған. Мұндай деңгейдегі қарсыласпен айқасу — ең үлкен мүмкіндік» деді ол.

Айта кетелік, Ислам Махачев соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың қарашасында өткізіп, Джек Делла Маддалена үстінен төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы атанған. Оның еншісінде 28 жеңіс және бір жеңіліс бар.

«Барселона» мен «Атлетико» арасындағы ойынның төрешісі шеттетілді

АПЛ-нан бес клуб Чемпиондар лигасына жолдама алды

«Бавария» қақпашысы рекордқа жақын нәтиже тіркеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или