Иштван Ковач еурокубоктардан шеттетілді

Иштван Ковач еурокубоктардан шеттетілді

Чемпиондар Лигасының ширек финалындағы «Барселона» мен «Атлетико Мадрид» бірінші ойынының төрешісі Иштван Ковач жарысқа төрелік етуден шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Румын төрешісі жақын арада ешқандай еуропалық матчтарға тағайындалмайды. Бұл шешімді УЕФА ойындағы кең таралған даулы оқиғалардан кейін қабылдады.

Нақтырақ айтқанда, матчтың 54-ші минутында төреші айып алаңында қолмен доп ойнағаны үшін пенальти белгілемеді, VAR да араласпады.

«Барселона» бұған дейін УЕФА-ға осы матчтағы төрешілікке қатысты ресми шағым түсірген болатын.

8 сәуірде «Камп Ноуда» өткен матч «Атлетико Мадридтің» пайдасына 2:0 есебімен аяқталды. Каталон клубы матчтың көп бөлігін 10 футболшымен өткізді. Голдарды Хулиан Альварес пен Александр Сорлот соқты.

Командалар 15 сәуір түнінде Мадридте қарымта ойын өткізеді. Ойын Астана уақыты бойынша сағат 00:00-де басталады.


АПЛ-дан бес клуб Чемпиондар лигасына жолдама алды

«Бавария» қақпашысы рекордқа жақын нәтиже тіркеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или