Головкин жоқ. «Канелоның» бапкері келесі қарсыластарын атады

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің (53-1-2, 36 КО) жаттықтырушысы әрі менеджері Эдди Рейносо өз шәкіртінің алдағы жоспарларымен бөлісті, деп жазады Prosports.kz.
Жаттықтырушының айтуынша, «Канело» келесі жекпе-жегін үш айдан кейін өткізуді жоспарлап отыр. Қарсыласы не WBO чемпионы Билли Джо Сондерс немесе IBF чемпионы Калеб Плант болуы мүмкін.
«Біз келесі жекпе-жекті үш айдан кейін Мексикада өткізуді жоспарлап отырмыз. Екінші орта салмақтағы Билли Джо Сондерске немесе Калеб Плантқа қарсы кездесу өткізгіміз келеді. Оның көрсеткен өнеріне (Смитке қарсы жекпе-жекте) өте ризамын. Бәрінен бұрын жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Канелоның салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшы екеніне күмән жоқ, ол мансабын аяқтаған кезде бокс тарихындағы ең үздіктердің бірі ретінде тарихта қалады», - Рейносо Boxing Social-ге берген сұхбатында.
Айта кетейік, Альварес кеше жеңілмеген британиялық боксшы Каллум Смитті жеңіп, екінші орта салмақта WBC және WBA титулының иегері атанды.
Эдди Рейносо бұған дейін Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге қарсы емес екенін айтқан болатын.
«Канело» қазақстандық боксшы Головкиннің бітіспес қарсыласы. Қос боксшы арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өтті. Ол кезде тең нәтиже тіркелді. Қос қарсылас араға тура бір жыл салып қайта кездескен. Ол жолы мексикалық төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.