Бокс

Сауль Альварес Каллум Смитті жеңді

Сауль Альварес Каллум Смитті жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Жергілікті уақыт 19 желтоқсанда Сан-Антониода (Техас, АҚШ) кәсіпқой бокс кеші өтті, деп жазады Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде супер орта салмақта WBA Super титулының иегері Каллум Смит пен салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылар рейтингісінің көшбасшысы Сауль Альварес жұдырықтасты.

Бұл кездесуде Смиттің белбеуінен бөлек, вакантты WBC белдігі және The Ring журналының белдігі сарапқа салынды.

Жекпе-жек толық 12 раундқа жалғасып, Канело төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, мексикалық боксшы кәсіпқой мансабындағы 54-жеңіске қол жеткізді, ал Смит алғаш рет жеңіліске ұшырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер