«Бұл жолы Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді»

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің бапкері Эдди Рейносо қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өтсе, өз шәкіртінің нокаутпен жеңетініне уәде берді, деп жазады Prosports.kz.
Жаттықтырушының ойынша, «Канело» үшінші кездесуде Головкинді нокаутпен жеңетіні еш күмән тудырмайды.
«Егер бұл жекпе-жек өтетін болса, бұл жолы «Канело» Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді. Бұл жерде ешқандай күмән жоқ. Бұл жолы да екінші жекпе-жектегідей тактика ұстанатын боламыз. Бірақ бұл жолы нәтиже басқаша болады. Ол нокаутпен жеңіледі. Бізге сенетін жанкүйерлердің барлығына уәде береміз», - деді Рейносо.
Бұған дейін Эдди Рейносо Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге қарсы емес екенін айтқан болатын.
Айта кетейік, «Канело» мен GGG арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өтті. Ол кезде тең нәтиже тіркелді. Қос қарсылас араға тура бір жыл салып қайта кездескен. Ол жолы мексикалық төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Ал үшінші жекпе-жек осы жылдың қыркүйек айында өтетіні айтылып жүр.

GGG – «Канело»: Үшінші жекпе-жек қыркүйекте өтуі мүмкін