Қазақстандық танымал бапкер құрамадағы басты мәселелерді атады

Қазақстандық танымал бапкер құрамадағы басты мәселелерді атады

Қазақстандық танымал бапкер Тұрсынғали Еділов ұлттық құрамадағы басты мәселелердің бірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Кейбір жағдайларда бапкерлердің талаптары мен тапсырмалары орындалмай, боксшылар өз бетінше шешім қабылдап кетеді. Ұлттық құрамада қатаң тәртіп пен бапкердің беделі бірінші орында тұруы тиіс», - деді Еділов.

Еділовтың айтуынша, спортшы мен жаттықтырушы арасында өзара сенім мен тәртіп болу керек. Сондықтан ұлттық құрамадағы әрбір боксшы бапкерлік штабтың нұсқауларын мүлтіксіз орындауы қажет.

Айта кетейік, бұған дейін Тұрсынғали Еділов Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларының бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізуді де «Не қажеті бар?» деп сынға алған болатын.

Әлем кубогы: Чемпиондар елге оралды

Әлем кубогы: Айбек Оралбай алтын медаль иеленді

Әлем кубогы: Қазақстан құрамасы сегіз медаль еншіледі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или