1XBET - ставки на спорт

Қазақстан құрамасы әлем кубогында сегіз медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы әлем кубогында сегіз медаль жеңіп алды

15-21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында өткен World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталмыш турнирде сынға түскен 17 қазақстандық боксшының сегізі жүлдеге ілікті. Бүгін жарыстың финалдық кезеңі өтті және финалға жолдама алған бес боксшымыз да жеңіс тұғырынан көрінді.

Осылайша Қазақстан құрамасы Әлем кубогының екінші кезеңін бес алтын, үш қола медальмен аяқтады.

Алтын медаль еншілеген спортшылар:
 50 кг. Санжар Тәшкенбай
 70 кг. Абылайхан Жүсіпов
 90+ кг. Айбек Оралбай
 54 кг. Назым Қызайбай
 60 кг. Виктория Графеева.

Қола медаль еншілеген спортшылар:
 65 кг. Аида Әбікеева
 80 кг. Валерия Аксенова
 80+ кг. Дина Исламбекова.

Әлем кубогы: Айбек Оралбай алтын медаль иеленді

Әлем кубогы: Санжар Тәшкенбай алтын жүлде жеңіп алды

Абылайхан Жүсіпов әлем кубогында топ жарды

Қазақстандық боксшы финалда Олимпиада чемпионын жеңді








Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или