Әлем кубогы: Виктория Графеева топ жарды

Әлем кубогы: Виктория Графеева топ жарды

Қытайдың Гуйян қаласында өткен бокстан әлем кубогының финалында қазақстандық боксшы Виктория Графеева өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

60 келі салмақтағы шешуші кездесуде Графеева тайваньдық спортшы Лин Ютинмен кездесті. Жекпе-жек қазақстандық боксшының пайдасына 3-2 есебімен аяқталды. Сондай-ақ, жерлесіміз қарсыласын бірнеше рет нокдаунға жіберді. 

Осылайша, Виктория Графеева турнирде жеңіске жетіп, Гуйяндағы өнерін алтын медальмен аяқтады, ал Лин Ютин күміс медаль иеленді.

Айта кету керек, Графеева әлем чемпионатында күміс (IBA, 2025) және қола (Әлемдік бокс, 2025) жүлдегері және Азия чемпионы (2024). Қарсыласының негізгі жетістіктеріне келетін болсақ, Ютинг 2024 жылғы Олимпиада чемпионы және екі дүркін әлем чемпионы (2018 және 2022).


Әлем кубогында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті

Әлем кубогы: Жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды

Санжар Тәшкенбай Испания боксшысын жеңді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или