Әлем кубогы: Бес қазақстандық боксшы финалға жолдама алды
Қытайдың Гуйян қаласында бокстан әлем кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін жартылай финалдық жекпе-жектер өтті және қазақстандық сегіз боксшы рингке көтерілді. Оның бесеуі жеңіске жетіп финалға жолдама алса, қалған үшеуі қарсыластарына жол беріп қола жүлде еншіледі.
Финалға жолдама алған отандастарымыз:
Ерлер:
50 кг. Санжар Тәшкенбай
70 кг. Абылайхан Жүсіпов
90+ кг. Айбек Оралбай.
Әйелдер:
54 кг. Назым Қызайбай
60 кг. Виктория Графеева
Ал жартылай финалда сүрініп, қола медаль еншілеген қазақстандық боксшылар:
65 кг. Аида Әбікеева
80 кг. Валерия Аксенова
80+ кг. Дина Исламбекова.
Айта кетейік, финалдық жекпе-жектер ертеңге жоспарланған.
Санжар Тәшкенбай Испания боксшысын жеңді
Әлем кубогы: Абылайхан Жүсіпов финалға шықты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или