Санжар Қытайдағы Кубок әлемінің финалына жолдама алды
Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing Кубогының жартылай финалында испаниялық Мартин Молинаны жеңіп, финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
50 келіге дейінгі салмақта өткен жекпе-жекте Тәшкенбай үш раунд бойы басымдық танытып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (5:0) жеңіске жетті.
Үшінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсіріп, жеңісті толықтай қамтамасыз етті.
Айта кетелік, Санжар Тәшкенбай – екі дүркін әлем чемпионы (2023, 2025) және 2022 жылғы Азия чемпионы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или