Әлем кубогы: Қазақстандық боксшы финалға шықты
Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан әлем кубогы екінші кезеңінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
70 келі салмақтағы жартылай финалда әлем чемпионы тәжірибелі иорданиялық боксшы, әлем және Азия чемпионатының жүлдегері, Азия ойындарының жүлдегері Зейяд Ишаишпен кездесіп, Жүсіпов төрешілер шешімімен (5:0) жеңіске жетті.
Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов - 2025 жылғы әлем чемпионы және 2024 жылғы Азия чемпионы. Сондай-ақ, оның қоржынында 2017, 2019 және 2021 жылдары жеңіп алынған әлем чемпионаттарынан үш қола медаль бар.
Қазақстандық боксшы әлем кубогының финалына шықты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или