Әлем кубогы: Санжар Тәшкенбай алтын жүлде жеңіп алды

Әлем кубогы: Санжар Тәшкенбай алтын жүлде жеңіп алды

Қазақ боксшысы Санжар Тәшкенбай Қытайдың Гуйян қаласында өткен бокстан әлем кубогының финалдық кездесуінде бақ сынады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екі дүркін әлем чемпионы, 50 келідегі Санжар Тәшкенбай финалда Азия чемпионы, өзіне жақсы таныс Асилбек Жалиловпен (Өзбекстан) жұдырықтасты. 

Өте тартысты өткен жекпе-жекте төрешілер 3:2 есебімен Санжар Тәшкенбайды жеңімпаз деп таныды.

Айта кетейік, отандасымыз өзбек боксшысынан 2022 жылы Азия чемпионаты және 2024 жылы «Странджа» турнирінде де басым түскен еді.

Абылайхан Жүсіпов әлем кубогында топ жарды

Қазақстандық боксшы финалда Олимпиада чемпионын жеңді

Әлем кубогында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или