Головкин - Шеремета жекпе-жегі қашан өтеді

IBF титулына үміткер поляк боксшысы Камил Шереметаның промоутері Анджей Василевски қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек қашан өтетінін айтты, деп жазады Prosports.kz.
«Мен Геннадий Головкиннің командасымен байланыстамын. Біз қазанның екінші немесе үшінші сенбісінде немесе қарашаның бірінші сенбісінде жекпе-жек өтеді деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, бізде ешқандай сенімділіктің болмауы қорқынышты. Бәрі өзгеріп кетуі мүмкін», - деп келтірді Василевскидің сөзін TVP Sport.
<span>Бұған дейін промоутер Эдди Херн Головкин - Шеремета жекпе-жегінің тамыз айында өтуі мүмкін екенін мәлімдеген.</span>
Айта кетейік, Головкин - Шеремета жекпе-жегі тағы да кейінге шегерілді. Бастапқыда спортшылар осы жылдың ақпан айының соңында кездесуі керек еді.
<h4>Эдди Хирн Головкин-Шеремета жекпе-жегін тамызға жоспарлап отыр</h4> <h4>Головкин - Альварес жекпе-жегі екінші орта салмақта өтуі мүмкін</h4> <h4>«Бұл жолы Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді»</h4>