Бокс

Эдди Хирн Головкин-Шеремета жекпе-жегін тамызға жоспарлап отыр

Эдди Хирн Головкин-Шеремета жекпе-жегін тамызға жоспарлап отыр
news-banner7
mobile-news-top

Британдық промоутер Эдди Хирн DAZN тілшілеріне берген сұхбатында Геннадий Головкин мен Камил Шеремета арасындағы жекпе-жекті осы жылдың тамыз айында ұйымдастырғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске салайық, бұл жекпе-жек наурыз айында басталуы керек еді, бірақ қазақстандық боксшының жарақатына байланысты жекпе-жек белгісіз мерзімге кейінге шегерілді. Сонымен бірге мексикалық Сауль Альвареспен GGG үшінші жекпе-жегі туралы алдын-ала келіссөздер басталды.

Хирннің сөзіне қарағанда, бұл жекпе-жек желтоқсан айында, егер Головкин рингке тамызда, ал «Канело» қыркүйек айында оралған жағдайда өтуі мүмкін. Камил Шереметамен жекпе-жекте Геннадий Халықаралық бокс федерациясының (IBF) титулын қорғайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер