Әли Ахмедов пен Геннадий Головкин бірге жаттығып жатыр

Әли Ахмедов пен Геннадий Головкин бірге жаттығып жатыр

Екінші орта салмақта бақ сынайтын қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) Геннадий Головкинмен бірге жаттығудың артықшылығын айтты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы отандасымыз инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жазды. Ол GGG-мен бірге жаттығу сәтінен видеожазба жариялады. 

«Қазақстанда бокс - өте танымал, бәсекеге қабілетті спорт. Геннадиймен бір жаттығу лагерінде болу мықты мотивация береді. Біз күн сайын бірге жұмыс жасаймыз, әрі одан көп нәрсені үйренемін», - дейді Ахмедов.

Айта кетейік, екі боксшы да соңғы жекпе-жегін 2019 жылы 5 қазанда өткізген болатын. Тұртас әлемге таралған коронавирус індетінің салдарынан Головкиннің Польша боксшысы Камил Шереметаға<span> қарсы жекпе-жегі кейінге қалдырылды. </span>

<h4>GGG – «Канело»: Үшінші жекпе-жек қыркүйекте өтуі мүмкін</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или