Live
Спорттағы коронавирус
Бокс

Головкин – Альварес. «Адамдар тең нәтижені көргісі келмейді»

Головкин – Альварес. «Адамдар тең нәтижені көргісі келмейді»

Бокс әлеміне әйгілі жаттықтырушы Джоэль Диас қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің арасындағы үшінші жекпе-жектің ерте ме, кеш пе өтуі керек екенін айтты, деп жазады Prosports.kz.

Бапкердің ойынша, үшінші кездесу дау-дамайға нүкте қою үшін керек.

«Үшінші жекпе-жек өткізілуі керек. Неге? Талас-тартысты шешу үшін. Әркімнің өз пікірі бар, әрине, жанкүйерлер тағы бір жекпе-жекті көргісі келеді.

Мүмкін үшінші жекпе-жекте бір боксшы сенімді жеңіске жететін шығар. Бұл адамдар көргісі келетін нәрсе. Адамдар тең дәрежедегі жекпе-жекті көргісі келмейді, тең нәтижені де көруге ниетті емес. Жанкүйерлер қос боксшының бірі сенімді жеңіске жеткенін қалайды деп ойлаймын. Менің ойымша, бокс жанкүйерлері үшінші жекпе-жекте айқын жеңісті көруге лайықты. Бұл дау-дамайды шешудің ең жақсы тәсілі», - дейді Диас.

Бұған дейін Головкиннің бұрығы бапкері Абель Санчес Альвареспен үшінші жекпе-жек өтсе, қазақстандыққа тиімсіз болатынын айтқан еді

Айта кетейік, «Канело» мен GGG арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өтті. Ол кезде тең нәтиже тіркелді. Қос қарсылас араға тура бір жыл салып қайта кездескен. Ол жолы мексикалық төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Ал үшінші жекпе-жек осы жылдың қыркүйек айында өтетіні айтылып жүр.

«Бұл жолы Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді»

GGG – «Канело»: Үшінші жекпе-жек қыркүйекте өтуі мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
GGG

GGG

Геннадий Геннадьевич Головкин бокс жаңалықтары онлайн, келесі жекпе-жег, Толығырақ

Пікірлер 0