Футбол деген бір ғажап!
Әлем футболы

ӘЧ-2018: Алты құрлықтың алыптары (Франция құрамасы)

ӘЧ-2018: Алты құрлықтың алыптары (Франция құрамасы)
news-banner7
mobile-news-top

2018 жылдың ең басты оқиғаларының бірі Ресей жерінде өтетін 21-ші кезекті Әлем чемпионаты екені сөзсіз. Жанкүйер қауым асыға күткен аладоп тойының басталуына бір айдан аз уақыт қалды.

Осы орайда prosports.kz сайты сіздердің назарларыңызға бізге көршілес Ресей төрінде өнер көрсететін 32 команда жайлы мәліметтер ұсынады.

Біз бұдан бұрын қазіргі әлем чемпионы Германия құрамасы, ең алғашқы әлем чемпионы Уругвай құрамасы, Әлем чемпионатын ең көп жеңген Бразилия құрамасы, футболдың Отаны Англия құрамасы және ең жаңа Еуропа чемпионы Португалия құрамасы жайлы жазған болатынбыз

Ал бүгін Ресей жерінде жақсы өнер көрсетуге лайық құрамалардың бірі Франция жайлы сөз қозғаймыз.

Франция футболы:

Франция Еуропадағы футболға ерте назар аударған елдердің бірі. Ұлттық құрамасының негізі 1904 жылы қаланды. Әрі Әлем чемпионаты ұйымдастырыла бастағанда белсене атсалысты. Өткен ғасырдың өзінде Әлем біріншілігін өз елінде өткізді (1938, 1998). Бұдан бөлек бір мәрте Еуропа чемпионатын өз жерінде қабылдады.

Франция ұлттық құрамасының тарихын мамандар үш кезеңге бөліп жатады. Атап айтқанда, «Фонтен дәуірі», «Платини дәуірі» және «Зидан дәуірі». Бұлай бөліп айтудың себеі, Франция құрамасы халықаралық ірі турнирлердегі жүлделеріне тек осы кісілердің кезінде ғана қол жеткізген болатын.

âÑÑанÑÐ¸Ñ ÑÑÑбол ÑбоÑÐ½Ð°Ñ 1958 ÐÑÑÑ Ð¤Ð¾Ð½Ñенâçå¾çæç´¢ç»æ

Франция алғашқы кезекті Әлем чемпионатына (1930) қатысты. Үшінші кезекті чемпионатты өз жерінде қабылдады. Бірақ, жүлде ала алған жоқ. 1958 жылы Швеция жерінде өткен Әлем біріншілігінде сұрмерген Жюст Фонтеннің бастауында қола медалге қол жеткізді.

Жюст Фонтен Франция футболының жарық еткен жұлдызы. Бір ғана Әлем чемпионатына қатысқан шабуылшы 13 гол соқты. Ол тіпті екі пенальтиді командаластарының орындауына берді. Бір чемпионатта 13 гол соққан Фонтеннің рекордын бұзатын шабуылшы енді шықпайтын да шығар. Себебі, бүгінгі футбол топырлатып гол соғуға мүмкіндік бермейді.

Егер Жюст Фонтен өзінің екінші, үшінші чемпионаттарына қатысқан болса, бүгінгі таңда Әлем біріншілігінің үздік сұрмергендер көшін германиялық Мирослав Клозе (16) бастап тұрмас па еді, кім біледі.

1958 жылғы Әлем чемпионатында 13 гол соққан Жюст Фонтен

1958 жылғы Әлем чемпионатында 13 гол соққан Жюст Фонтен

Сексенінші жылдар Франция футболы «Платини дәуірін» бастан өткерді. Кейін Еуропа футбол қауымдастығын басқарған Мишелдің бастауында Франция құрамасы 1982, 1986 жылғы екі Әлем чемпионатында жартылай финалға дейін жетті. Екі ретте де Германия құрамасына (ГФР) есе жіберіп, финалға өте алмады. Бұдан бөлек олар 1984 жылы өз жерінде өткен Еуропа чемпионатын жеңіп алды.

1986 жылдан кейін француз футболында біраз уақыт құлдырау болды. Бұған Платини бастаған маңызды ойыншылардың құрамадан кетуі себеп болғаны сөзсіз. Олар тіпті 1990 және 1994 жылғы Әлем чемпионаттарының іріктеуінен өте алмай қалды.

Араға 12 жыл салып Франция құрамасы ең биік белесті бағындырды. 1998 жылы өз елінде өткен Әлем біріншілігінде топ жарып, тұңғыш рет әлем чемпионы атанды. Ал бұл кезде құрамаға кім келгенін жанкүйер қауым жақсы біліп отыр. Осы кезден бастап Франция футболы біз айтқан «Зидан дәуіріне» аяқ басқан болатын.

Екі жылдан кейін Зидан бастаған жігіттер Еуропа чемпионатында да жеңіске жетті. Сөйтіп, тарихта тұңғыш рет қатарынан екі ірі турнирді жеңген құрама атанды. Алайда, бұл құрама 2002 жылғы Әлем чемпионатында өте нашар өнер көрсетіп, топтан шыға алмай қалды.

Зинедин Зидан мен Мишель Платини

Зинедин Зидан мен Мишель Платини

Осы сәтсіздіктен кейін Зидан ұлттық құрамадан кететінін жариялады. 2006 жылы Германияға бару үшін іріктеуге қатысқан Франция құрамасы қиын жағдайда тұрды. Тіпті, іріктеуден өтпей қалу қаупі де болған. Осы кезде Зиданға ел президентінің өзі құрамаға қайт деп қолқа салды. Зиданның келуімен түлеп сала берген құрама Әлем чемпионатына жолдама алып ғана қоймай, финалға дейін жетті. Өкініштісі, финалда Зидан италиялық қорғаушы Матерацциді баспен ұрып, алаңнан қуылды. Франция құрамасы да екінші мәрте әлем чемпионы атану мүмкіндігінен айырлды.

Осылайша, «Зидан дәуірінің» де шымылдығы түсіріліп, Франция құрамасы тағы әлсіреді. 2008 жылғы Еуропа чемпионаты мен 2010 жылғы Әлем чемпионатында мүлде нашар өнер көрсетті. Бірақ, франциялықтар жанкүйерлерін ұзақ күттірген жоқ. Іркес-тіркес шыққан жас футбол жұлдыздары ұлттық құраманың деңгейін қайта көтеріп тастады. Бүгінде Франция құрамасы әлемдегі әлеуетті командалардың бірі.

Әлем рейтингісіндегі орны:

FIFA-ның мамыр айында жариялаған тізімінде франция құрамасы 9-шы орында тұр.

Әлем чемпионатына іріктеу сынында:

Франция құрамасы Ресейге жолдама алу үшін А тобында Швция, Голландия, Болгария, Люксембург, Беларусь футболшыларымен бірге өнер көрсетті. 10 ойынның жетеуінде жеңіп, екі матч тең ойнап, қалған біреуінде жеңіліп қалды. Топта бірінші орынды иеленіп, Әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. 18 гол соғып, 6 гол жіберіп алды.

Бас бапкері:

Аты: Дидье Дешам

Құрама тізгінін ұстаған уақыты: 2012 жыл 8 шілде

Елі: Франция

Туған жылы: 1968 жыл 15 қазан

ç¸å³å¾ç

Маңызды ойыншылары:

Баста айтқанымыздай Франция құрамасы тек жұлдызды ойыншылардан құралған. Қорғаныс шебінен тарып шабуылшыларына дейін Еуропаның ең беделді клубтарында доп тебеді.

Поль Погба:

Туған жылы: 1993 жылы 15 наурыз

Командасы: «Манчестер Юнайтед»

Жақында ғана өзінің екінші мүшеліне толған Погба әлем футболының нағыз жұлдызы. Трансферлік ауысымда алғаш рет 100 млн еуроға бағаланған жартылай қорғаушы өзінің керемет техникасымен, пас шығару шеберлігімен, алыстан соққы бағыттай білетін қабілетімен мақтана алады.

Килиан Мбаппе

Туған жылы: 1998 жылы 20 желтоқсан

Командасы: ПСЖ

Жасы жиырмаға әлі толмағанымен Мбаппенің Еуропаны шулатып жүргеніне екі жыл болды. Былтыр жазда ПСЖ клубы оны қатарына қосу үшін 180 млн еуросын аяған жоқ. Жылдамдығына шапқан ат жете алмайтын жас жігіт биыл Ресей алаңдарының шаңын шығарғалы тұр.

Құрамы:

Осыдан бірнеше күн бұрын құраманың бас бапкері Дидье Дешам Ресейге баратын 23 футболшының есімін атаған еді:

âÑÑанÑÐ¸Ñ ÑÑÑбол ÑбоÑнаÑâçå¾çæç´¢ç»æ

Қақпашылар: Ареоля (ПСЖ), Льорис («Тоттенхэм»), Манданда («Марсель»);

Қорғаушылар: Л. Эрнандес («Атлетико»), Кимпембе (ПСЖ), Б. Менди («Ман Сити»), Павар («Штутгарт»), Рами («Марсель»), Сидибе («Монако»), Умтити («Барселона»), Варан («Реал»);

Жартылай қорғаушылар: Канте («Челси»), Матюиди («Ювентус»), Нзонзи («Севилья»), Погба («Манчестер Юнайтед»), Толиссо («Бавария»);

Шабуылшылар: Дембеле («Барселона»), Фекир («Лион»), Жиру («Челси»), Гризманн («Атлетико»), Лемар («Монако»), Мбаппе (ПСЖ), Товен («Марсель»).

Топтағы жағдайы:

Франция құрамасы Әлем чемпионатында Аустралия, Перу және Дания құрамаларымен бірге С тобында өнер көрсетеді. Құрамалардың қуаты бойынша қарағанда француздардың топтан шығуына көп қиындық жоқ. Мынадай топтан бірінші орынмен шығам десе де қолдарынан келеді.

Франция – Аустралия

Қос құраманың жолы бұған дейін төрт мәрте түйіскен. Соның екеуінде Франция, біреуінде Аустралия жеңген. Тағы бір матч тең аяқталған. Әлем чемпионатында кездесіп көрмеген.

Кездесу 16 маусым күні Астана уақыты сағат 16:00-де «Қазан Аренада» өтеді.

Франция – Перу

Бұл құрамалар ешқашан кездеспеген. Осы жазда Ресей жерінде өзара кім мықтыны анықтап көретін болады.

Кездесу 21 маусым күні Астана уақыты сағат 21:00-де «Екатеринбург Аренада» өтеді.

Франция – Дания

Еуропалық қос құраманы көне қарсыластар деуге әбден болады. Тарихта екі елдің бас командасы 15 рет кездескен. Бұл жұпта франциялықтардың бәсі жоғары. 8 ойында жеңіп, 6 ойында тең түсіп, 1 рет ғана жеңілген. Ал Әлем чемпионатында екі мәрте кездесіп, екі құрама бір-бір реттен жеңген.

Кездесу 26 маусым күні Астана уақыты сағат 20:00-де«Лужники» стадионында өтеді.

Жалғасы бар...

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер