«Арсенал» Чемпиондар лигасында тарихи көрсеткішке қол жеткізді
Лондондық «Арсенал» командасының бас бапкері Микель Артета Чемпиондар лигасындағы жеңісті серияға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бұл біздің қаншалықты тұрақты өнер көрсетіп жүргенімізді көрсетеді. Біз өз стилімізді сақтап, осы турнирде жоғары деңгейде ойнауды жалғастырып келеміз. Серияны ұзартуға шамамыз жететініне сенімдімін. Бірақ мұндай нәтижеге жету үшін еңбек ету керек. Мұнда бәсекелестік өте жоғары», – деді Артета УЕФА-ның ресми сайтына берген сұхбатында.
13 қазанда француздық «Лилльді» 3:0 есебімен жеңген лондондықтар Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі қатарынан 14-ші жеңісіне қол жеткізді.
«Арсенал» бұл кезеңде соңғы рет 2024 жылғы 6 қарашада ұпай жоғалтқан. Сол кезде ағылшындық клуб сырт алаңда миландық «Интерге» 0:1 есебімен есе жіберді.
Содан бері Микель Артета шәкірттері барлық кездесуде жеңіске жетіп келеді. Оның үстіне, осы 14 матчтың тоғызының нәтижесінде қарсыластары «Арсенал» қақпасына бірде-бір гол соға алмаған.